Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары күріш пен соя қауыздарынан химия талабына сай микрокристалды целлюлозаны органосольвенттік әдіспен алудың технологиясын дайындап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу нәтижесінде целлюлозаның мөлшері 50%-дан жоғары көрсеткішті құрайды. Қазіргі уақытта университеттің қауымдастырылған профессоры Сана Қанатбекқызының жетекшілігімен Сәтбаев университетінде ауыл шаруашылық қалдықтары мен біржылдық өсімдіктерден микрокристалды және наноцеллюлоза синтезі, сондай-ақ олардан биологиялық ыдырайтын гидрогель, пленкалық материалдар алу саласы бойынша арнайы ғылыми мектеп өз жұмысын бастаған болатын. Онда ауыл шаруашылығы, медицина, мұнай өнеркәсібі және энергетика салаларында қолданылатын нанокомпозиттік биоматериалдарды жасау бойынша іргелі зерттеулер жүргізілуде.
Сәтбаевтық ғалымдарымыз жүзеге асырған целлюлоза Қазақстанда қағаз өндірісін дамытуға мол мүмкіндік бергелі отыр. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын «жасыл» және «жұмсақ» әдістермен қайта өңдеу елімізді қағаз өндірісіне қажетті шикізатты импорттаудан босатып, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді қағаз өндіруге жол ашады деп күтілуде.
Сонымен қатар микрокристалды целлюлоза мен наноцеллюлозаны қағаз өндірісінен өзге тамақ, фармацевтика, мұнай, энергетика, химия және биополимерлер өндірістерінде кең қолдануға болады. Өйткені, бұл материал экологиялық тұрғыда қауіпсіз, кез келген затпен биоүйлесімді болып келеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мұндай өзекті жобаларды қолдауға қашанда әзір. Академик Қаныш Сәтбаев бір сөзінде: «өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады», - деген екен. Біртуар тұлғаның аманатына адалдық танытып отырған Сәтбаевтық ғалымдарымыздың еңбегі жанып, биік белестерді бағындырсын деп тілеймін! - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар