Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖүйе болашақта ым әліпбиін, ым тілін білетін сурдоаудармашыларды дайындай алады. Мұндай мамандар түрлі мемлекеттік ұйымдарға қажетті. Бүгінгі таңда біз мобильді қосымша жасауға кірістік. Оның көмегімен ым тілімен өзара сөйлесуге болады. Сөйлеуді мәтінге, мәтінді ымға және керісінше түрлендіретін жүйе құрылады. Осы жобамның арқасында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мектепте ыңғайлы оқуы, медициналық және мемлекеттік мекемелерде қызмет алуы және еркін сөйлесуі мен үшін өте маңызды. Осы тақырыпты зерттеп, өз үлесімді қосу - азаматтық борышым, - деп түсіндірді ғалым.
«Қазақстандық саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президентімен кездесу барысында олардың балаларды оқытуға қатысты мәселелерін білдім. Қазақша және басқа тілдер бойынша ымдау тілін үйретуге арналған зияткерлік тренажер Қазақстанның саңырау қоғамындағы есту қабілеті бұзылған балаларға үлкен көмек көрсете алатын қажеттілік болып табылады. Мұндай оқыту жүйесі балаларға ымдау тілін үйренуге және қоршаған ортада қарым-қатынас жасауды үйренуге мүмкіндік беретін тиімді қарым-қатынас құралдарымен қамтамасыз ете алады. АҚШ пен Қазақстанның ғалымдар тобы біздің елдегі есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін білім беру және оған қолжетімділік саласында бірқатар зерттеулерді бастады. Біздің бірлескен жұмысымыз елімізде ғана емес, Орталық Азияда пайдалы болатын үлкен ғылыми жобаға айналады деп сенеміз, - деді ЕҰУ ғалымы Нұрзада Амангелді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды