Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде отандық спортшы 83.47 ұпаймен бірінші орын алды.
Екінші орынға Канада өкілі Александра Монтмини (65.45 ұпай), үшінші орынға америкалық Амелия Глоговски (62.14) табан тіреді.
Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.
Айта кетейік, Алдабергенова бұған дейін Рукада өткен Әлем кубогы кезеңінде де жүлде алған болатын. Ол 77.43 балмен қола медаль еншіледі.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар