23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық фотограф Анель Базылова Sony World Photography Awards аясында беделді National and Regional Awards байқауының жеңімпазы атанды. Оның сирек кездесетін генетикалық аурулары бар және онко-мәртебесі бар әйелдер туралы жобасы 56 елдің қатысушылары ұсынған 400 мың фотосуреттің ішінен үздік шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бол» фотожобасында 35 жастағы Анель Базылованың жұмысы қазақстандықтардың арасынан үздігі ретінде таңдалған. Фотограф өз жұмыстары арқылы сирек кездесетін аурулары бар әйелдерге қолдау көрсетуді ниет еткен.
Менің мақсатым – ауруына байланысты қиын жағдайға тап болған әйелдерге әлемнен жырақ қалып, төрт қабырғаға қарап отырмауға күш беру. Бұл фотосуреттер өзі туралы, өзінің ауруы туралы айтуға үміт пен батылдық сыйлайды, - дейді Анель.
National and Regional Awards қазылар алқасы таңдаған кадрдағы кейіпкер – 25 жастағы қазақстандық Динара Иса. Бойжеткен сирек кездесетін генетикалық Горхем ауруына шалдыққан.
Бұл өте сирек кездесетін диагноз. Динара Қазақстанда осындай диагнозы бар жалғыз адам екен, ал әлемде мұндай 28 адам бар, - деп атап өтті фотограф.
Енді Анель Базылеваның жұмысы 17 сәуір мен 5 мамыр аралығында Лондонда өтетін байқау жеңімпаздарының топтық көрмесінда көпшілік назарына ұсынылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады