7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Канадалық Fantasia Film Festival кинофестивалінде қазақстандық«Дала қасқырлары» фильмі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов пен Анна Старченко фестивальдің үздік актерлері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, фильм ұжымы үшін айтулы оқиға – оператор Еркінбек Птыралиев Оскар киноакадемиясының мүшелігіне қабылдануы. Осылайша ол «Оскар» сыйлығына дауыс беруге қатысатын алғашқы қазақстандық атанады.
Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқырлары» фильмі бұған дейін Reims polar 2024 кинофестивалінде француз сыншылар қауымдастығының жүлдесін жеңіп алған болатын.
Фильм тәртіпсіздік кезінде ұрланған ұлын іздеп жүрген Тамара есімді әйелдің жан мұңын баяндайды. Ол күмәнді детективтің көмегіне жүгініп, кейін күтпеген оқиғаларға тап болады.
Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?