Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарКүрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан балуандар финалға шыға алмады. Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) алтынға бір қадам жетпей қалды.
Ол жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирға есе жіберді. Нәтижесінде Нұрқожа үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп, әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Сондай-ақ, Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін) де үшінші орынға ие болды. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде америкалық Джексон Форрестен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Ал Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?