23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еркін күрес шебері Жәмила Бақбергенова мен Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың ең үздік спортшысының бірі – Жәмила Бақбергенова. 27 жастағы жерлесіміз үш рет қатарынан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген алғашқы отандық балуан. Ол өз салмағынан бөлек олимпиада бағдарламасына кіретін 76 келі салмақта күресіп, жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бүгінде әлемдік рейтингте көш бастап тұрған отандық балуанның бірі.
Биыл бес үлкен жарысқа қатысып, бесеуінде де медальға қол жеткізді (3 алтын, 1 күміс, 1 қола). Ол әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола, жазғы Азия ойындарында күміс, Азия чемпионатында алтын, Венгрия және Қырғызстан елінде өткен әлемдік рейтингтік турнирлерінде топ жарды. 2023 жылғы UWW жарыстарында 17 белдесу өткізіп, оның 15-інде де жеңіске жетті және 2 белдесуде ғана жеңілді. Үш жыл қатарынан әлем чемпионатында жүлде алған тұңғыш Қазақстан спортшысы болып тарихта қалды.
Үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы 92 келіде Ризабек Айтмұхан да бар. Ол еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол Белградтағы әлем чемпионатында 92 келі салмақта топ жарды. Жуырда бас бапкер балуанның олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысқанын мәлімдеген еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік