Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды.
Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы бақ сынады.
Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді, - делінген мәліметте.
Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар