23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, алаң Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка және 2025 жылдан бастап ұйымның серіктес елдерінің бірі болатын Қазақстан өкілдерін біріктірді.
Саммит аясында «Жаһандық трансформация кезеңіндегі креативті индустриялар» атты пленарлық отырыс өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты.
Ол әріптестеріне Қазақстанда креативті индустриялардың дамуы мен бұл секторды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол БРИКС аясындағы ынтымақтастық креативті экономиканы одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Қазақстандық делегация құрамында креативті секторды қадағалайтын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен креативті хабтардың басшылары да болды.
Халықаралық кездесудің мақсаты – креативті сектордың экономикалық әлеуетін талқылау және дамыту, нетворкинг пен тәжірибе алмасу. Бұл бағыттарға сәулет және урбанистика, IT, кино, видео және фотография, музыка, дизайн және сән, заманауи өнер кіреді, - делінген мәліметте.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік