Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысының делегациясы Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өткен IFT 2025 халықаралық инвестициялық форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауқымды шараға Түрікменстанның Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, жоғары лауазымды тұлғалар, сондай-ақ әлемнің 25 елінен келген делегациялар мен кәсіпкерлер келді.
IFT 2025 — Түрікменстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді саралап, халықаралық әріптестік орнатуға және экономиканың түрлі салаларында ірі жобаларды жүзеге асыруға арналған маңызды алаң.
Форумға әлемнің жетекші компанияларының басшылары, инвестициялық қорлардың өкілдері, салалық сарапшылар мен мемлекеттік қайраткерлер қатысуда. Олар инфрақұрылым, көлік, логистика, энергетика, цифрлық технологиялар салаларын дамыту және стратегиялық жобаларды жүзеге асырудың тиімді тетіктері талқыланды.
Шара аясында маңғыстаулық делегация «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы: орнықты дамуды қамтамасыз етудегі өңіраралық экономикалық ынтымақтастықтың рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Бұл халықаралық алаң өңіраралық даму, жасыл экономика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды іске асыру арқылы тұрақты даму бағытында ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, форум аясында инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті. Аталған шаралар Маңғыстау облысы мен Түрікменстан арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?