13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӘзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен Heydar Aliyev Cup халықаралық турнирінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 11 медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірім ұлдар құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль иеленді. Атап айтқанда, 54 келі салмақта Эмир Мұхит чемпион атанды. 50 келіде Едіге Нұрқожа, 63 келіде Жангелді Әлкен, 66 келіде Дарын Тасмұхамбетов және 70 келіде Темірлан Ераліев күміс жүлде жеңіп алды. Ал 48 келіде Әділет Абылайхан, 54 келіде Заңғар Сайлаубек және +80 келіде Еркетаң Жарқынбек қола медаль еншіледі.
Қыздар құрамасы 1 алтын және 2 қола медальға қол жеткізді. 57 келіде Аделаида Садвакасова чемпион атанса, 50 келіде Виктория Бишлер мен Ақерке Сердалы үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының жоғары дайындық деңгейін және жас боксшылардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды