28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем Кубогының кезеңі басталды. Ерлер арасында семсерлесу сынында Богдан Лукин чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бәсекені бірден 1/32 кезеңнен бастаған Богдан өзбекстандық Зафар Сидиковты 15-8 есебімен ұтты. Сосын эстониялық Маркус Салм (15-11) мен жартылай финалда мысырлық Юссеф Шамельді (15-7) жеңіп финалға шықты. Алтын үшін таласта тағы бір жарыс қожайыны Мейірхан Тимуровтан 15-12 есебімен басым түсті.
Сонымен қатар бұл жарыста бақ сынаған Георгий Тинников 7-ші, Ғабиден Мұстафин 8-орын алды. Ал Алексей Кассаткин 13-ші, Александр Федотов 15-ші, Нұрлыбек Ахметнаби 19-ші, Михаил Кузьмин 36-шы сатыдан көрінді. Жалпы бұл бағдарламада 10 елден келген 76 спортшы жүлдеге таласты.
Қыздар арасында 6 қазақстандық өнер көрсеткенімен, ешқайсы медаль жеңіп ала алмады. Ең жақсы нәтижені София Ақтаева (7-орын) көрсетті.
Ертең командалық сайыс өтеді. Онда Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финал жолдамасын Өзбекстанмен сарапқа салады. Жеңгенін Мысыр құрамасы күтіп тұр. Ал еліміздің қыздар құрамасы жартылай финалда Түркиямен семсерлеседі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?