6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерВенгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен «Polyák Imre & Varga János Memorial» турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға қол жеткізді.
Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.
Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншіледі. Ал Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға ие болды.
Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміске қол жеткізсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі