Қазақстандық балуандар Испанияда 9 медаль жеңіп алды

10 Шілде 2023, 20:02 1510

Қазақстандық балуандар Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен өткен халықаралық Гран-при турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандастарымыз ел қоржынына төрт алтын, екі күміс, үш қола медаль салып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Оқи отырыңыз:

Атап айтқанда, Бекарыс Мейрамбек (55 кг), Бақытжан Қабыл (60 кг), Аманбек Алматбек (67 кг), Дамир Тұрсынов (82 кг) алтыннан алқа тақты.

Ал 55 келіде белдескен Қуат Армия мен Ильяс Дауытов (63 кг) күміспен күптелді.

Сондай-ақ Олжас Сұлтан (60 кг), Қанат Ақытбек (63 кг), Темірлан Мамытбек (72 кг) қолаға ие болды.

Берік Арманов
Бөлісу: