Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ержет Жарылқасын Біріккен күресі әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Тирана (Албания) қаласында олимпиадаға кірмейтін салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін, тізімде жоғары көтеріліп, көшбасшы болды.
Чемпионатта Ержет 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әзербайжандық Нихат Маммадалиға есе жіберді.
Дей тұрғанмен, Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар. Маммадали 45 000 ұпаймен екінші орынға орналасса, үшінші орынға 31 000 ұпаймен армяндық Карен Асланян табан тіреді.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс