Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстандық балуан қыздар Испанияда он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды.
Аға жаттықтырушы Қуаныш Жақсыбай баптайтын еліміздің бойжеткендері аталған додада ел қоржынына 8 алтын 2 күміс медаль салды.
Атап айтсақ, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.
Қоржынымызға түскен екі күміс медальді Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.
Командалық есепте спортшыларымыз екінші орынға ие болды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды