Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКүрес түрлерінен Хорватияда өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде бұйырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін күрестен 86 келіде Париж Олимпиадасының жолдама иеcі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков осы жолы күміс жүлдеге ие болды.
Алдымен 1/16 финалда Азамат үндістандық Дипак Пунияны оңай ұтты – 6:2. Дипак оңай шағылар жаңғақ емес еді, себебі ол – былтырғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонан соң Валентин Бабилге еш мүмкіндік қалдырмады – 11:0. Ал ширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені ұтты – 10:0. Израильдік қарсыласы Матт Файнсилверді осы есеппен жеңіп, финалға шықты.
Ал финалда жерлесіміз болгариялық Магомед Рамазановпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Магомед – тәжірибелі балуан. Ол Ресей сапында 2019 жылы әлем кубогында топ жарған, 2024 жылдан бастап Болгарияның намысын қорғайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?