Қазақстандық балуан дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты

Асқар Таудай
Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Давлатов әлемнің ең мықты дзюдошыларының бірі, жапониялық Рюдзю Нагаямамен кездесті. Нагаяма – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионы.

Тартысты белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, кездесу Golden Score кезеңіне ұласты. Қосымша уақытта Шерзод Давлатов «юко» ұпайын алып, титулды қарсыласын жеңді.

Осылайша қазақстандық спортшы әлем чемпионатының алтын медалі үшін күресуге мүмкіндік алды.

Финалда Шерзод Давлатов Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовпен кездеседі. Шешуші белдесу Бакуде өтеді.

Айта кетейік, Давлатов 2026 жылы халықаралық аренада бірнеше ірі жеңіске қол жеткізді. Тамыз айында Швейцариядағы Lausanne Grand Slam турнирінің ширек финалында ол француз Лука Мхеидзені жеңіп, сенсация жасаған еді. Мхеидзе – Париж Олимпиадасының жеке сындағы күміс жүлдегері әрі командалық жарыстың Олимпиада чемпионы.

Енді Шерзод Давлатовтың алдында Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының алтын жүлдесін салу мүмкіндігі тұр.

Оқи отырыңыз

{