Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін қазақстандық отбасыларға көптен күткен қолдау көрсетілді. Балалардың есепшотына бастапқы капиталдың алғашқы траншы – 235 920 теңге көлемінде аударылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаражаттар сағат 17:00-ден бастап түсуде. Бұл жолы 6 767 балаға қолдау көрсетілді. Жалпы төлем сомасы 1,6 млрд теңгені құрады.
Аталған қолдау «Келешек» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Бағдарламаның басты мақсаты – балалардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың болашағына қажетті жағдай жасау. Көптеген отбасылар үшін мұндай төлемдер үлкен көмек болып, жаңа мүмкіндіктер ашып, ертеңгі күнге сенім ұялатады.
Бұл – біз үшін қуанышты жаңалық. Бастапқы капитал қазақстандық отбасыларға елеулі қолдау көрсетіп, балалардың өз бетінше өмір сүруге алғашқы қадам жасауына көмектеседі деп сенеміз, – делінген Отбасы банкінде.
Бағдарлама аясында қаражатты сақтап қалу үшін депозитке жыл сайынғы ең төменгі жарналар көзделген: көптеген отбасылар үшін – 24 АЕК (94 368 теңге), ал әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін – 12 АЕК (47 184 теңге). Егер бұл талаптар орындалмаса, қаражат бюджетке қайтарылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұл – 2025 жылға арналған алғашқы транш қана. Екінші транш 2026 жылдың ақпан айында беріледі. Бұл қазақстандық отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастырып, балалардың өз болашағына алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, бұған дейін ұсақ моторика арқылы баланың ақыл-ойын қалай дамытуға болатыны жайлы жазған едік.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?