Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨзбекстанның белгілі кәсіпкері туа бітті сал ауруына шалдыққан қазақстандық балаларға көмектеседі, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкер өзінің оңалту орталығында балаларды тегін емдеуге дайын. Екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстанның ірі компаниялар тобының басшысымен церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу туралы меморандумға қол қойылды.
Бастама Қазақстанның Самарқандтағы бас консулдығы арқылы жүзеге асып отыр.
Самарқандағы клиникада ай сайын 12 бала ем алады. Әр 10 күн сайын 180 бала оңалту курсынан өтеді. Негізінен мұнда сырқаттың жеңіл және ауыр сатысындағы өзбекстандық балалар тегін ем қабылдайды.
Айына тегін 12 балаға және 12 қасында жүретін ата-анасына тегін ем беріледі. Ол тек ем емес, Өзбекстан тарапы біздің шекаралас облыстарымызда тұратын біздің азаматтарымызға жататын жерлері, тамақтандыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көмегін көрсетеді. Өйткені, жол-пұлын олар өздері көтереді,- Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?