13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз26 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңіріндегі онкологиялық орталықтарда әйелдерге арналған бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл күні әйелдер онкогинекологтардың қабылдауына тегін кіріп, алғашқы тексеруден өтіп, қатерлі ісіктің алдын алу бойынша кеңес ала алады.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, мамандар келушілерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Тексеруден өту үшін жасына немесе тіркелген мекенжайына байланысты шектеу қойылмайды. Қабылдауға келгенде өзімен бірге жеке куәлік болуы қажет.
Іс-шара әйелдер денсаулығына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылып отыр.
Қандай белгілерге мән берген жөн?
Дәрігерлер етеккір циклінің бұзылуы, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе ауырлық сезімі, іштің кебуі, әдеттен тыс бөлінділер, себепсіз әлсіздік пен салмақ жоғалту секілді белгілер байқалса, медициналық тексеруді кейінге қалдырмауға кеңес береді.
Мамандар мұндай белгілердің болуы міндетті түрде қатерлі ісікті білдірмейтінін атап өтті. Дегенмен олардың себебін анықтау үшін дәрігерге қаралған жөн.
Қайда баруға болады?
Алматы:
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты – Абай даңғылы, 91. Тел.: 8 (727) 310-90-23.
Алматы онкологиялық орталығы – Папанин көшесі, 220А, А литері, 1-қабат. Тел.: 8 (727) 312-24-74.
Астана:
Көпбейінді медициналық орталық – Манас көшесі, 17. Тел.: 8 (7172) 57-96-00, 57-96-01, 57-96-03.
Алматы облысы:
Алматы өңірлік көпбейінді клиникасы – Алматы қаласы, Роза Бағланова көшесі, 69а. Тел.: 8 (727) 261-39-52, 8 (727) 227-52-96.
Шымкент:
Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана – Байтұрсынов көшесі, 85а. Тел.: 8 (7252) 92-21-15, 8 (7252) 92-21-11.
Ақмола облысы, Көкшетау:
Көпбейінді облыстық аурухананың онкополиклиникасы – Ақан сері көшесі, 1в. Тел.: 8 (7162) 33-04-94.
Ақтөбе облысы:
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті медициналық орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімі – Жаңа Қоныс-8 шағынауданы. Тел.: 53-42-20.
Жетісу облысы, Талдықорған:
Облыстық көпбейінді клиника – Абай көшесі, 316, №1 емхана корпусы. Тел.: 8 (7282) 40-10-55.
Атырау облысы:
Атырау онкологиялық диспансері – Владимирский көшесі, 2. Тел.: 8 (7122) 95-67-40, 8 (7122) 95-67-37, 8 702 186 61 38.
Батыс Қазақстан облысы, Орал:
Облыстық онкологиялық диспансер – Алматы көшесі, 58. Тел.: 8 (7112) 91-80-52.
Қарағанды облысы:
№3 көпбейінді аурухана – Қ.Аманжолов көшесі, 189. Тел.: 8 (7212) 94-05-33, 8 778 021 05 05.
Қызылорда облысы:
Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы – Берке хан көшесі, 49А. Тел.: 8 778 152 20 95.
Қостанай облысы:
Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы – Көбеев көшесі, 2. Тел.: 8 (7142) 52-40-77, 73-03-22, +7 775 030 91 47.
Маңғыстау облысы, Ақтау:
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері – 1А шағынауданы, №3 ғимарат. Тел.: 8 771 308 43 14.
Павлодар облысы:
Павлодар облыстық онкологиялық диспансері – Российская көшесі, 57/3, А корпусы. Тел.: 8 (7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл:
Көпбейінді облыстық аурухананың онкологиялық орталығы – Әуезов көшесі, 133. Тел.: 8 (7152) 46-60-08, 52-65-53.
Абай облысы, Семей:
Ядролық медицина және онкология орталығы – Құтжанов көшесі, 3. Тел.: 8 (7222) 69-42-16, +7 702 075 07 80.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен:
Онкология және хирургия көпбейінді орталығы – Потанин көшесі, 6, 1-корпус. Тел.: 8 (7232) 20-89-97, 8 771 944 48 08.
Ұлытау облысы, Жезқазған:
Көпбейінді облыстық аурухана – Иманжан көшесі, 11, 1-қабат, №101 және №111 кабинеттер. Тел.: 8 (710) 277-31-50, 8 771 283 83 38.
Жамбыл облысы, Тараз:
Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері – Әулие ата шағынауданы, №8 үй. Тел.: 8 702 365 39 28.
Түркістан облысы:
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы — Шымкент қаласы, Құрманбеков көшесі, 2/6. Тел.: 8 (7252) 40-72-01.
Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – әйелдер арасында онкологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтауға мүмкіндік беру. Мамандар денсаулыққа қатысты күмәнді белгілер пайда болған жағдайда тексеруді кейінге қалдырмауға кеңес береді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды