Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіпмаз атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.
Ксения қоссайыс қорытындысы бойынша 199 (91+108) келіні еңсерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова иеленді — 190 (88+102) келі. Ал үшінші орын ресейлік Полина Павловичке бұйырды — 189 (85+104) келі.
73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, жастар арасындағы жарыста 81 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков те үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі