Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық әскери қызметкерлердің Беларуссияда соғысып жатқан Украина шекарасына жақын жерде жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғаламторда Қазақстан бронетранспортер жіберді деген ақпараттар жалған. Бүгінде барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде. Ол жерге 11 адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Осыған сәйкес, біз онымен жұмыс істейтін боламыз, - деді министр Үкімет кулуарында.
Министрдің айтуынша, Беларусь – ҰҚШҰ-ға мүше бейбіт мемлекет. Тиісінше, өтетін орын туралы шешім алдын ала қабылданады. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сондықтан ғаламтордағы жалған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.
Бұған дейін қазақстандық әскерилердің ҰҚШҰ бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына қатысу үшін Беларуське келгені хабарланған болатын. Осыдан кейін желіде ол жаққа да техника жөнелтіліп, қазақстандықтар Украина шекарасына дейін барады деген ақпарат пайда болды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді