Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарулы күштердің әскери қызметшісі майор Арман Бекбаев Камбоджадан келген бітімгерлермен бірге Орталық Африка Республикасының шығысындағы Бриа қаласында жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жерде ол Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының құрамында бірнеше ай қызмет етіп жүр.
Қазақстандық бітімгер балалармен әңгімелесіп, бұл елде бітімгерлік күштердің қандай мақсатпен жүргенін түсіндіріп, Қазақстан туралы айтып берген.
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Гуманитарлық дағдарыста және әлеуметтік тұрақсыздықта өмір сүретін балалармен кездесу – қандай жағдай болса да, олардың жаңа нәрселерді білуге ұмтылыстарын жоғалтпайтынын көрсетті. Ең бастысы, балалар бәрі жақсы болады деп сенеді, – деді майор Арман Бекбаев.
Бітімгерлер мектеп оқушыларына жазу құралдары мен тәттілер тарту етіп, оқу орнына спорттық керек-жарақтар берді.
Осындай гуманитарлық шараларды бітімгерлер тұрақты түрде өткізетінін айта кету керек. Жергілікті тұрғындармен кездесу – олардың қосымша міндеті.
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Бітімгерлер бұл кездесуді 2010 жылы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті құрған халықаралық ағылшын тілі күніне орайластырды. Аталмыш шара БҰҰ-ның алты ресми тілін тең дәрежеде қолдануға, көптілділік пен түрлі мәдениетті қолдауға бағытталған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары