22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТүркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, қылмыстық топ «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға бағытталған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алудың алаяқтық схемасын пайдаланған.
Ол үшін Кентау қаласында «Яссы-кредит НС» Кредиттік серіктестігі» ЖШС құрылып, іс жүзінде жоқ «Expert Consulting Group» ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаулардың жалған актілерін пайдаланған.
Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген. Ол әлеуетті қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған, ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылды.
Сонымен қатар жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам күдіктілердің мүлкіне тыйым салынған.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев