Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОтандық «Шатырдағы екеу» фильмі Нью-Йорктегі Oniros Film Awards халықаралық кинопремиясында екі номинация еншіледі. Фильмде аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның рөлін сомдаған Александр Черепанов «Жас актер» номинациясын иеленді. Сонымен қатар Гүлшат Смағұлова «Режиссер-дебютант» аталымы бойынша финалистер қатарынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түсірілім кезінде небәрі 15 жаста болған Александр Черепанов Виталий Давыдовтың шеберханасында актерлік қырын шыңдап жүр және қазір «Балаганчик» театрында өнер көрсетеді. Соның арқасында оның фильмдегі рөлі де әсерлі шығып, көрермен ықыласына бөленді, ол фестивальдегі қазылар алқасының да оң бағасын алды.
«Шатырдағы екеу» фильмі – 15 жылдан астам тәжірибесі бар режиссер Гүлшат Смағұлованың жұмысы. Фильмнің сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы суретшісі – Елена Айтова, ал қоюшы операторы – Александр Плотников. Кинода Елдар Әбіш, Александр Черепанов, Лидия Ярцева (Ресей), Ольга Ландина, Евгений Задорожнев, Жанна Қуанышева, Дәулет Кекілбаев, Бағлан Нүрекенова сияқты жас әрі танымал актерлер ойнайды.
Былтыр фильм қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шыққан. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?