12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандық актер Санжар Мәди фильмдер мен сериалдардың танымал сервисі Netflix жобасына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Netflix атақты Әмір Темір туралы фильм түсіріп жатқаны туралы ақпарат тарады. Фильмдегі рөлдердің бірі қазақстандық актер Санжар Мәдиге бұйырды.
Иә, бұл - Темірлан туралы жоба. Мен Джасурдың рөлін сомдаймын. Сюжетте ол бір кездері Темірланды құтқарған, содан кейін оның жақын досына айналған серігі болады. Түсірілім әлі болып жатыр және мамыр айына дейін жалғасады. Біз түсірілімді Өзбекстанда, ежелгі Хиуа қаласында бастадық, - деді Санжар Мәди.
Сондай-ақ актер фильм платформада қашан шығатыны әлі белгісіз екенін айтты. Бұған дейін Санжар Мәди түсірілім кадрларымен бөліскен еді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер