23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіИспанияның «Агрупасьон Депортива Сеута» клубы қазақстандық шабуылшы Данил Анкудиновпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Агрупасьон Депортива Сеута» футбол клубы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы, бұрын «Менсахеро» клубында ойнаған 21 жастағы Данил Анкудиновпен келісімшарт жасасқанын жариялады.
Қазақстандық футболшымен бір жылдық келісім жасалып, оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Жасы 21-дегі Анкудинов бұған дейін Испанияның бесінші лигасында өнер көрсететін «Менсахеро» клубында ойнаған.
Сондай-ақ оның кәсіби мансабында Беларусьтің «Днепр-Могилев», Литваның «Джюгас», Арменияның «Ван» (Чаренцаван), Молдованың «Шериф» және Ресейдің «Родина-2» клубтары бар.
Сонымен қатар Данил Анкудинов Қазақстанның U21 жасөспірімдер құрамасында да өнер көрсетіп жүр.
Айта кетейік, Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынады. Сонымен қатар «Челси» ойыншысы атанған Дастан Сәтпаев туралы жазғанбыз.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады