Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБеларустық «Ислочь» клубы қазақстандық 19 жасар жартылай қорғаушы Мирас Көбеевпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazfootball.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мирас Көбеев алматылық «Қайрат» клубының түлегі. «Қайрат-Жастар» командасының вице-капитаны болған. Қазақстан бірінші лигасында ол барлығы 40 матч өткізіп, «гол+пас» жүйесі бойынша 2+4 нәтиже көрсеткен.
2021 жылдың күзінде ол УЕФА жастар лигасына қатысты. Сондай-ақ 19 жастағы жартылай қорғаушының Қазақстан кубогында «Қайрат» сапында 3 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасында 2 ойын өткізген.
Айта кетейік, Мирас Көбеев өткен жылдың тамыз айынан бері клубсыз жүрген және еркін агент ретінде «Ислочпен» келісімшартқа отырған.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар