Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 7 шетелдік колледж интеграцияланып, стратегиялық әріптестік орнатылды. Серіктес мемлекеттердің қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания және Грузия бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігі бүгінде серіктес оқу орындарымен бірлескен оқу бағдарламалары әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар, жаһандық кампустар құру, академиялық ұтқырлықты кеңейту, қазақстандық ыбілім беру ұйымдарына шетелдік студенттер мен оқытушыларды тарту, сондай-ақ халықаралық аккредитациялау секілді шараларды жүзеге асыру көзделуде. Бұдан бөлек, студенттердің кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде растау мақсатында Certiport жобасы іске қосылды. Жоба аясында алғашқы 11 студент IT саласында халықаралық сертификаттарға ие болып, жаһандық еңбек нарығында өздерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
Шетелдік серіктестермен орнатылған ынтымақтастық Қазақстан колледждеріндегі білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жастардың әлемдік тәжірибе мен стандарттарға сай кәсіби біліктілік алуына мүмкіндік береді,-деп атап өтті министрліктен.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары