Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның цифрлық экономикасын дамытудың негізгі элементі Astana Hub экожүйесі болып қала береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ведомствоның бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, бұл алаң бүгінде екі мыңға жуық IT-компанияны біріктіреді. 2025 жылы хаб желісі 20 аймақтық және 4 халықаралық сайтты қамтиды. Қатысушылардың табысы 800 млрд теңгеге жетіп, 20%-ға өсті, ал елдің IT-экспортының көлемі $1 млрд құрады.
Халықаралық хабтар арқылы 100-ден астам қазақстандық стартап шетелдік нарықтарға шықты. Экожүйеде аймақтың алғашқы технологиялық "сыңармүйіз" компаниясы пайда болды, ол – Higgsfield.ai. Ал венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін мақсатты көлемі $1 млрд болатын Qazaqstan Venture Group құрылды, қазіргі уақытта $115 млн қаражат тартылды, – деді ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары