Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘйелдердің саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиетін арттыруға бағытталған тренингтер аяқталды. Іс-шараны Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тренингтер Көкшетау, Орал, Өскемен, Петропавл және Шымкент қалаларында өтті. Оған сайлауға түскен немесе жоспарлаған 100-ден астам әйел, ҮЕҰ басшылары, азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Үш күндік оқу бағдарламасы саяси көшбасшылық пен науқанды басқарудың негізгі мәселелерін қамтыды.
Бірінші күні қатысушылар трансформациялық көшбасшылық қағидаттарымен танысты. Екінші күні сайлау округін талдау, саяси партиялармен жұмыс істеу және жеке оқиғаны баяндау негіздері үйретілді.
Үшінші күн сайлаушылармен стратегиялық өзара байланыс, фандрайзинг және қаржылық жоспарлау тақырыбына арналды.
Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар ұсынылып, сарапшылар тарапынан баға беріліп, ұсыныстар айтылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?