Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздің алты облысында жылу желілері әбден тозған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, шамамен 7 мың шақырым құбыр ауыстырылуы керек.
Олардың орташа тозу деңгейі – 53%, шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі – Павлодар (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан (Петропавл – 74%), Қостанай (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау (Ақтау – 71%) және Қарағанды (Теміртау – 67%) облыстарында, - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.
Қанат Шарлапаевтың сөзінше, президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету керек.
Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желісін жөндеу қажет. Қаржылық қажеттілік – жылына шамамен 250 млрд теңге. 2023 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 336 шақырым жылу желісі жаңғыртылды (175 млрд теңге), - деді ол.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары