30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлімізде жекеменшік мектеп саны жыл сайын артып келеді. Бағасы да өңірлерге қарай әртүрлі. Кей өңірлерде ай сайынғы төлем 25 мың теңгеден басталса, Алматы мен Астанада халықаралық мектептердіңбағасы 1,6 млн теңгеге дейін жетеді. Оған қоса ата-аналар бастапқы жарна, тамақтану, тасымал және қосымша үйірмелерге де ақша төлеуі мүмкін. Сондықтан жекеменшік мектептегі баланың бір жылдық шығыны көрсетілген айлық тарифтен әлдеқайда жоғары.
Ең арзан оқу Қызылордада
2025-2026 оқу жылындағы ашық деректер бойынша жекеменшік мектептердегі ең төменгі баға Қызылордада кездеседі. Мұнда оқу ақысы айына 25 мың теңгеден басталады. Қымбатырақ мектептерде бұл көрсеткіш 50 мың теңгеге дейін жетеді.
Семей мен Таразда бағалар 40 мың теңгеден басталады. Семейдегі ең жоғары көрсеткіш шамамен 110 мың теңге болса, Таразда айына 200 мың теңгеге дейін барады.
Бұл қалалардағы кейбір мектептерде бастауыш сынып оқушылары күні бойы мектепте болады. Таңертең негізгі сабақтарын оқыса, түстен кейін ұзартылған күн тобы мен үйірмелерге қатысады.
Көкшетауда оқу ақысы 53 мың теңгеден басталады. Бұл негізінен 5-6 сынып оқушыларына арналған баға. Нөлінші сынып үшін айына 105 мың теңге төленсе, 1-4 сыныптарда оқу ақысы 135 мың теңгеге дейін жетеді.
Қостанайда жекеменшік мектептер көп емес. Мұнда баға айына 65 мың теңгеден басталып, 270 мың теңгеге дейін жетеді. Ең қымбат нұсқада бір жылдық оқу ақысы 2,5 миллион теңгеге жуықтауы мүмкін.
Forbes рейтингіндегі мектептер
Forbes Kazakhstan еліміздегі ең қымбат мектептердің рейтингін шығарған. Биыл тізімге Алматы мен Астанадан 25 мектеп кірді: оның 13-і Алматыдан, 12-сі Астанадан.
Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда нарықтың қаншалықты өскенін көрсетеді. Алғашқы Forbes рейтингі 2014 жылы жарияланып, оған Алматыдағы 10 мектеп кірген. Бір жылдан кейін тізім 15 мектепке дейін өскен. Ал 2026 жылы екі қаладағы жекеменшік мектептердің саны 215-ке жеткен.
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің дерегіне сәйкес, осы оқу жылында Алматыдағы 136 жекеменшік мектепте 43,3 мың бала білім алады. Астанада мектеп саны аздау – 79, алайда оқушы саны көбірек: 49,1 мың.
Алғашқы бестік өзгермеді
2026 жылғы рейтингтің алғашқы бестігі былтырғымен салыстырғанда өзгермеген:
Мысалы, TAMOS Education-нің орташа оқу ақысы айына 343,1 мың теңге. Мектепте 3289 оқушы білім алады, ал болжамды табысы 10,1 млрд теңге.
Haileybury Astana-да орташа оқу ақысы айына 1,4 миллион теңге. Мұнда 574 оқушы бар, болжамды табыс 8,04 млрд теңгені құрайды.
Ал QSI Алматыда орташа оқу ақысы 1,37 миллион теңге. Мектепте 507 оқушы оқиды, болжамды табыс 6,96 млрд теңге.
Kazakhstan International School-да орташа айлық оқу ақысы 1,3 миллион теңге. Оқушылар саны – 518, болжамды табыс – 6,76 млрд теңге.
Ең қымбат мектептер қайсы?
Forbes рейтингіне енген мектептер арасында орташа оқу ақысы 1 миллион теңгеден асатын бірнеше білім беру ұйымы бар.
Астанадағы QSI International School-да орташа айлық оқу ақысы 1,6 миллион теңге. Бұл рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш. Мектепте 240 оқушы білім алады.
Алматыдағы QSI-дің орташа бағасы – 1,37 миллион теңге, Haileybury Astana – 1,4 миллион теңге, Kazakhstan International School – 1,3 миллион теңге. Яғни бұл мектептерде бір баланың тек 9 айлық оқу ақысының өзі шамамен 11–14 миллион теңгеге жетуі мүмкін.
Дегенмен Forbes рейтингіндегі айлық баға – мектептің барлық шығынын білдірмейді. Есептеу кезінде бастапқы жарна, тасымал, мектеп формасы, үйірмелер және басқа қосымша қызметтер есепке алынбаған.
200-600 мың теңге аралығындағы мектептер
Премиум сегменттен бөлек, рейтингте орташа бағасы айына 200-600 мың теңге аралығындағы мектептер де көп. Мысалы:
Ал төменгі баға сегментінде Экономикалық лицей мен Neotech Digital School тұр. Екеуінде де орташа оқу ақысы айына 200 мың теңге. Экономикалық лицейде 1408, Neotech Digital School-да 1075 оқушы білім алады.
Жекеменшік мектептер не үшін қымбат?
Жоғары оқу ақысының бір себебі – халықаралық білім беру бағдарламалары. Forbes рейтингіне кірген мектептердің бір бөлігінде Cambridge, IB, A-Level, AP секілді халықаралық бағдарламалар бар.
Мысалы, TAMOS Education Cambridge International School мәртебесіне ие және оқушылар IGCSE мен A-Level халықаралық сертификаттарын ала алады. Мектепте физика-математика, тіл, IT және STEM бағыттары күшейтілген.
Quantum STEM School-да жоғары сыныптарда A-Level және Advanced Placement бағдарламалары қолданылады. Ал Quantum TECH School 2025/26 оқу жылында Cambridge International School аккредитациясын алып, IB бағдарламасына кандидат атанды.
Kazakhstan International School 2008 жылдан бері IB бағдарламасына қатысады. Ал Алматыдағы QSI мектебінің оқу моделі Mastery Learning жүйесіне негізделген.
Жекеменшік мектептерде тек академиялық білім емес, спорт, робототехника, музыка, дебат, зерттеу жобалары, шет тілдері сияқты қосымша бағыттарға да басымдық беріледі.
Біз бұған дейін жаңа оқу жылында ата-аналар мен балаларды қандай сабақтар мен өзгерістер күтіп тұрғаны туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды