Оқу жылы аяқталуға жақын. Қазір мыңдаған мектеп бітіруші мен ата-ана үшін ең қызу кезең басталды. Бірі ҰБТ-ға дайындалып жүрсе, енді бірі болашақ мамандығы мен университетін таңдап әлек. Соңғы жылдары қазақстандық жастардың шетелде білім алуға қызығушылығы айтарлықтай артты. Әсіресе Ұлыбритания, Түркия, Корея және Қытай университеттеріне түсетіндер көбейді. Себебі халықаралық диплом мен шетелдік тәжірибе жастар үшін үлкен мүмкіндік ретінде қабылданады.
Алайда шетелде оқу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оқу ақысы, жатақхана, виза, ұшақ билеті, күнделікті шығын – мұның бәрі көптеген отбасы үшін қомақты қаражат. Осындай кезде Қазақстанда шетелдік университет филиалдарының ашыла бастауы талапкерлер үшін жаңа мүмкіндікке айналды. Енді халықаралық диплом алу үшін міндетті түрде басқа елге көшудің қажеті азайып келеді.
Соңғы бірнеше жылда елде әлемдік рейтингке кіретін бірқатар университеттің филиалы ашылды. Қазір Қазақстанда Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея университеттерінің кампустары жұмыс істей бастады. 2022-2026 жылдары Қазақстанда мына университеттердің филиалдары ашылды:
Бұл университеттердің көбі инженерия, IT, бизнес, жасанды интеллект және технология салаларына басымдық беріп отыр. Себебі дәл осы бағыттарға әлем бойынша сұраныс жоғары. Бұрын британиялық немесе кореялық диплом алу үшін жастар міндетті түрде шетелге барып оқитын. Қазір жағдай өзгеріп келеді. Қазақстандағы халықаралық кампустарда студенттер сол университеттің бағдарламасымен оқып, халықаралық үлгідегі диплом ала алады. Бұл әсіресе баласын шетелге жіберуге мүмкіндігі жоқ отбасылар үшін маңызды мүмкіндік. Себебі студент елден шықпай-ақ халықаралық білім жүйесімен танысады.
Шетелде оқу тек университеттің оқу ақысымен шектелмейді. Оның үстіне:
Кей елдерде бір студенттің жылдық шығыны ондаған миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал Қазақстандағы филиалдарда студент халықаралық бағдарламамен оқығанымен, тұрғылықты жерін ауыстырмайды. Соның арқасында отбасының шығыны айтарлықтай азаяды. Яғни бұл толықтай арзан деген сөз емес. Кей халықаралық бағдарламалардың бағасы жергілікті университеттерден жоғары болуы мүмкін. Бірақ шетелдегі толық оқу шығынымен салыстырғанда әлдеқайда тиімді нұсқа саналады.
Көп студент шетелге алғаш барған кезде тілдік ортаға, жаңа жүйеге және басқа мәдениетке үйренуде қиындық көреді. Кейбірі тіпті психологиялық қысымға тап болады. Ал Қазақстандағы халықаралық кампустарда студент өз елінде, өз ортасында жүріп білім алады. Бұл бейімделу процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар ата-анадан алыс кетпеу де көптеген отбасы үшін маңызды фактор.
Сарапшылардың пікірінше, халықаралық университеттердің келуі елдегі жоғары білім сапасына да әсер етеді. Себебі мұндай оқу орындары өздерінің академиялық стандарты мен оқыту әдісін бірге алып келеді. Нәтижесінде университеттер арасындағы бәсекелестік күшейіп, білім беру жүйесі жаңара бастайды. Әсіресе ағылшын тіліндегі бағдарламалар, зерттеу жұмыстары және тәжірибелік оқыту бағытында өзгерістер байқалады.
Қазір әлемде технология саласына сұраныс күрт өсіп жатыр. Сондықтан Қазақстанда ашылып жатқан халықаралық университеттердің басым бөлігі:
Мысалы, Қызылордадағы Seoul National University of Science and Technology жасанды интеллект саласына маман даярлауға көңіл бөлсе, Ақтөбедегі Heriot-Watt University инженерия мен энергетика бағытын дамытып жатыр. Астанадағы Cardiff University мен Coventry University де технологиялық мамандықтарға басымдық береді.
Соңғы жылдары қазақстандық жастардың шетелге оқуға кетуі көбейді. Әсіресе Ұлыбритания, Түркия, Қытай және Ресей университеттеріне түсетіндер саны артқан. Ал халықаралық университеттердің Қазақстанда ашылуы жастарға ел ішінде отырып-ақ сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір деңгейде “академиялық көші-қонды” азайтуы мүмкін.
Қазір Қазақстан Орталық Азиядағы білім хабына айналуды көздеп отыр. Кей халықаралық кампустар көрші елдерден де студент қабылдай бастады. Егер бұл бағыт тұрақты дамыса, Қазақстан болашақта халықаралық білім беру орталықтарының біріне айналуы мүмкін. Бұл тек білім саласына емес, ел экономикасы мен ғылымының дамуына да әсер етеді.