Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБір жыл ішінде Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саны 22,6%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсті. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша олардың саны өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 22,6%-ға артып, 1 732 696 субъектіні құрады.
ШОК субъектілерінің жалпы санындағы дара кәсіпкерлердің үлесі 67,3%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 19%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,5%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2% құрады.
Тіркелген ШОК субъектілерінің саны бойынша дәстүрлі түрде Алматы көш бастап келеді. Мегаполисте 343 мың кәсіпкерлік болса, оның 277 мыңы ғана жұмыс істейді. Алғашқы үштікке Астана (224 мың субъекті, оның 196 мыңы жұмыс істейді) және Түркістан облысы (178 мың субъекті, оның 175 мыңы жұмыс істейді) кіреді.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған субъектілер арасында 601 мыңы көтерме және бөлшек саудамен; автомобильдерді жөндеумен айналысады, 269 мыңы – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында, үшінші орында құрылыс саласы – 92 мың субъект.
ШОК субъектілерінің саны электр энергиясымен, газбен және бумен жабдықтау секторында ең аз, барлығы – 1 769 субъект.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады