22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан халқы Ассамблеясының құрылымына кіретін Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының (ҚОСКҰҚ) отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиынға қауымдастық төрағасы, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Божко, өңірлік филиалдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде мемлекет басшысы XXXIV сессияда берген тапсырмаларды іске асыру, Қауымдастықтың мәдени-ағартушылық жобаларын кеңейту, мемлекеттік тілді дамыту, сондай-ақ ҚОСКҰҚ-тың этносаралық және қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.
Отырыста ҚОСКҰҚ төрағасының бірінші орынбасары қызметіне – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері және журналист Сергей Михайлович Пономарев сайланды.
Бірінші орынбасар этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл, мәдени және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен және қоғамдық құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қадағалайтын болады.
ҚОСКҰҚ төрағасы Владимир Божко жаңа орынбасардың тағайындалуы команда жұмысын күшейтіп, Қауымдастық қызметіне қосымша серпін беретініне сенім білдірді:
Біз С.Пономаревтің энергиясы, тәжірибесі мен жаңа бастамалары Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайту жолындағы ұйымымыздың белсенді жұмысына ықпал етеді деп сенеміз, – деді ол.
Жиын соңында қатысушылар ҚОСКҰҚ-тың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған екінші жартыжылдықтағы негізгі іс-шаралар жоспарын қарап, Ассамблея жобаларына қатысу және дәстүрлі мәдени іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.
Анықтама үшін:
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы мемлекеттік бастамаларды қолдайтын, этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени әралуандықты дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және қоғамда достық, бірлік пен өзара құрмет қағидаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып келе жатқан іргелі бірлестіктердің бірі.
Сергей Пономарев журналистика және қоғамдық коммуникациялар саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, жетекші телеарналарда авторлық және аналитикалық бағдарламаларды жүргізді, қоғамдық кеңестер мен өкілді органдардың жұмысына белсенді қатысты. 2023 жылдан бастап VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев