Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 98,9 млрд теңге сомасына зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы – 337,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 761,5 млрд теңге.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?