Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБүгінгі форумда Орта Азиядағы өзекті мәселелер талқыланып, шешімін табуға септігімізді тигіземіз деп сенеміз. Бұл туралы Орталық Азиядағы медиа форумға Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орта Азиядағы ахуалды айтып, оны шешуде медиа форумның маңызы зор. Сондықтан Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстанда өтіп жатқан форумға жолдап отырғанын айта кетті.
«Қазақстанда өтіп жатқан Орталық Азиядағы медиа форумға саяси қайраткерлер мен танымал тұлғалар қатысып отыр. Бүгінгі тақырып та мағызды екенін айта кеткім келеді. Орталық Азиядағы экономика, экология және түрлі апатты мәселелер мен жағдайларды ашық айтуымыз керек. Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, олардың серіктестігін арттыра түсіп, жандандырудың жаңа деңгейіне қадам басуымыз маңызды», - деді Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Қасмамбетов.
Тамырымыз, тарихымыз, мұсылман мықты ел екенімізді алға тарта отырып, мәдени-тарихи өркениетімізді жолға қою аса маңызды. Осы тұрғыда жаңа медианы пайдалана отырып, ортақ өркениетімізді таныту керектігін атап өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар