Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Мақсат Толықбай комитет отырысында Алматы облысындағы газдың қымбат екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы облысы, Қарсай ауданы Шамалған ауылында табиғи газдың ең қымбат тарифі тіркелген. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауылы.
Алматы облысында Қарасай ауданы, Шамалған ауылынан екі аптадан бері хабарласып жатқандар бар. Алматы облысы, тіпті Қазақстанның өзінде табиғи газдың ең жоғары тарифі осы ауылда тіркелген. Тіпті, Алматының бай-манаптары тұратын ауданнан жоғары. Не әкімнің, не прокурордың сөзі өтпейтін, тарифті заңсыз қымбаттатқан монополис компанияның артында кім тұр? , - дейді Мақсат Толықбай.
Ол әзірге нақты дәлелім жоқ. Бірақ тұрғындардың айтуынша, мұның артында Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың қатысы болуы мүмкін деп отыр.
Жақында Шамалғанға ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдерін апарып, бағаның негізсіз көтерілуінің себебін анықтап, мәселені толық зерделеуге бар күшімді саламын, - деді депутат.
Бұған дейін Қарасай ауданының тұрғындары бірнеше рет осы мәселені көтерді. Көгілдір отынның сапасы мен қызмет көрсету құнының қымбаттауы тұрғындардың ашуын тудырып отыр. «Сигма-газ» компаниясы тарапынан көрсетілетін төмен дәрежедегі қызметтен әбден шаршаған халық күні «Сигма, кет» деген ұранмен талай рет ереуілге шықты.
Тұрғындардың айтуынша, бүгінде олар «Сигма-газ» ЖШС-на көгілдір отынның бір текше метрі үшін 34 теңге 75 тиын төлеп жатыр. Ал бұл Қарасай ауданына қарасты өзге округтер мен ауылдар төлейтін тарифтерден 5-6 теңгеге қымбат екен.
Бағаны қымбаттатқан компания Қарасай ауданындағы Шамалған, Жандосов, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек ауылдарын және Арай, Дархан саяжайларын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Қымбат бағаны төлеп отырған абоненттердің жалпы саны он мыңға жуық.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?