Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусин елді-мекендерге қашан 5G байланыс желісі жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5G – жаңа технология. Ол әзірге ауылдарға, елді мекендерге енбейді. Себебі, қазір әлемде осындай жүйе болып жатыр. Әзірге үлкен қалалар мен облыс орталықтарын ғана қамту жүйесі жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 600-700 базалық станция орнату жоспарланған еді, бірақ аукционда 5G-ды жеңіп алған операторлар бұл жоспарлы түбегейлі өзгертті. Сондықтан жыл соңына дейін енді 1000 базалық станция Астана, Алматы және Шымкент қалаларына орнатылатын болады, - деді министр.
Мусин 5 өңірде тұрғындар жаңа технологияны пайдалану үшін бірнеше базалық станция орнатылатынын атап өтті.
Республика бойынша 2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын қамтимыз деп жоспарлаған болатынбыз. Дегенмен қазіргі таңда операторлар 2026 жылдың соңына дейін бұл жұмысты бітіруді жоспарлап отыр, - деді министр.
Бұған дейін министр Астана дүниежүзіндегі тағы қандай елдердің астанасын интернет сапасы бойынша басып озғанын айтқан болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?