Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҮкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экомәдениет саласындағы нәтижелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, жұмыс – ақпараттық, ұйымдастырушылық және экологиялық бақылау бағытында ұйымдастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
90 мыңнан астам эковолонтер тарихи-мәдени нысандарды тазартуға бағытталған «Киелі мекен» бастамасын қоса алғанда, 15 мың іс-шараға қатысты, оның шеңберінде 717 ескерткіш орын қайта жаңартылды. Экобақылау саласында 3 мың адамды қамтыған 300 нысанға қоғамдық мониторинг жүргізілді. 600 қоғамдық ұйым, экоблогерлер мен еріктілер тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Аида Балаева атап өткендей, «Таза Қазақстан» жәй ғана қоғамдық акция емес, бүгінде тұтас ұлттың жүйелі идеологиялық ұстанымы болуы керек. Бұл туралы Президент «Ana tili» басылымына берген сұхбатында тоқталып, экологиялық тазалықтың еліміз үшін ең жоғары құндылық ретіндегі маңызын атап көрсетті.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді