6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАзаматтық авиация комитеті Қазақстанда тіркелген Boeing MAX әуе кемелері бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстандағы осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай шаралар қабылдау қажеттілігін бағалау үшін байланыста.
Комитет мәліметінше, Қазақстанда 5 Boeing 737-9 MAX ұшағы тіркелген және олардың барлығында ұшуға жарамдылық сертификаттары бар.
FAA ұшуға жарамдылық туралы шұғыл директива шығарды (2024-02-51). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдаланушылары әуе кемелерін апаттық шығу есіктерімен (апаттық шығу люкімен емес) пайдаланады, сәйкесінше директива осы әуе кемелеріне қолданылмайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі