Қазақстандағы барлық перзентханалар тексеріледі: инспекторлар не іздейді?

Қазақстандағы барлық перзентханалар тексеріледі: инспекторлар не іздейді?

Аян Қайырбаев
Фото: El.kz архиві

Қазақстанда барлық 69 перзентхана мен перинаталдық орталыққа тексеріс жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бұл шара ана мен нәрестенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мақсатында қолға алынғанын мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, тексерісті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізеді. Мамандар перзентханаларда инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік жүйесіне жан-жақты талдау жасайды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, инфекциялық бақылау жүйесінің басты міндеті – туындаған салдармен күресу емес, қауіптің алдын алу.

Инфекцияның әрбір жағдайы кәсіби талдауға негіз болып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдануы тиіс, – деді министр.

Фото: El.kz архиві

Инспекторлар нені тексереді?

Тексеру барысында мамандар:

Тексеру жұмыстары 15 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Инфекциялардың негізгі себептері қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі келтірген мәліметке сәйкес, ауруханаішілік инфекциялардың тіркелуіне көбіне:

Министрлік тексерістің дәл осы кезеңде басталу себебін нақты түсіндірген жоқ. Ведомство тек медициналық көмек көрсету кезінде инфекциялардың алдын алу медициналық қызмет сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.

Айта кетейік, соңғы уақытта Алматы облысында болған қайғылы оқиғадан кейін перзентханалардағы қауіпсіздік мәселесі қоғам назарын аударды. Жүктіліктің 25-аптасында үшем босанған әйелдің үш сәбиі шетінеп кеткен еді. Марқұм сәбилердің туыстары дәрігерлердің әрекетіне қатысты күмән келтіріп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Өз кезегінде Қарасай аудандық ауруханасы әйелдің жүктіліктің 25-аптасында ауыр жағдайда жеткізілгенін, мұндай мерзімде дүниеге келген нәрестелердің өмір сүру мүмкіндігі өте төмен болатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта көрсетілген медициналық көмектің сапасына ішкі аудит жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін біз дәрігерге жазылу жеңілдейтіні туралы жазған едік.

Оқи отырыңыз

{