Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Балмұздақ өндірісінің ең үлкен үлесі Алматы облысына тиесілі. Өңірде 23,3 мың тонна өнім шығарылып, бұл жалпы өндірістің 66,3 пайызын құрады. Сонымен қатар Түркістан облысында 6 мың тонна, Алматы қаласында 1,3 мың тонна және Ақмола облысында 1,1 мың тонна балмұздақ өндірілген.
Қандай балмұздақ көп шығарылады?
Елімізде өндірілетін балмұздақтың басым бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрайды. Кілегейлі балмұздақ өндірісі 15,2 мың тонна болса, пломбир 14,3 мың тоннаға жеткен. Бұл екі өнім жалпы өндірістің 80 пайыздан астамын қамтиды.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан 6,4 мың тонна балмұздақты 24,8 млн АҚШ долларына экспорттады. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда экспорт көлемі 46,4 пайызға, ал ақшалай түсім 77 пайызға өсті.
Қазақстанның сыртқы саудасында экспорт импорттан 2,9 мың тоннаға артық болып, оң сауда балансы сақталды.
Негізгі сатып алушылар
Қазақстандық балмұздақтың 99,9 пайызы ТМД елдеріне жөнелтіледі. Ең ірі экспорттық нарық – Ресей. Бұл елге 4,3 мың тонна өнім жеткізілген. Сонымен қатар Қырғызстанға экспорт 68,4 пайызға, Өзбекстанға жеткізілім 27,7 пайызға артқан.
Қаңтар–сәуір айларында Қазақстанға 3,4 мың тонна балмұздақ импортталды. Оның негізгі жеткізушілері – Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156 тонна). Импорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10,1 пайызға көбейген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?