Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат? Бұл сауалға ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет брифингінде министр азық-түліктің бағасы неліктен жиі қымбаттайтынына қатысты пікір білдірді.
Елімізде ақпан айы бойынша инфляция деңгейі 9,5-9,7 пайыз болды. Оның ішінде 1,5-2 пайыз көлемінде кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттауын байқап отырмыз. Енді мұны қалай шешуге болады десек, ол үшін бізге өзіміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек. Қазір Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 тауар түрі бойынша бағаны қадағалап, ұстап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар, - деді Байбазаров.
Министр биыл Қазақстанның даму банкі және «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тамақ өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлетінін атап өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары