7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 17 арнайы кітапхана, оның ішінде 1 республикалық, 7 облыстық, 4 қалалық, 2 филиал және 3 арнайы бөлім жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта бұл кітапханалардың оқырмандары бүкіл ел бойынша 49 272-ге, келушілер саны 423 860-қа жетті. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана бүкіл ел бойынша 16 мамандандырылған кітапханаға әдістемелік орталық ретінде қызмет етеді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Республиканың арнайы кітапханаларының жалпы қоры 1 010 076 кітапқа жеткен. Кітап қоры өткен жылмен салыстырғанда 2,5% өсті.
Арнайы кітапханалар – зағип жандар мен нашар көретін оқырмандар, олардың отбасы мүшелері бос уақытын тиімді өткізуге, рухани дамуға, білімін арттыруға және интернет арқылы түрлі ақпарат алуға көмектесетін бірегей мәдени орталық. Бұл кітапханалар интеллектуалдық және шығармашылық дамудың бастауы ретінде кітап оқуды насихаттауда, қазақ жазушыларының үздік шығармаларын дәріптеуде және балалар мен жасөспірімдер арасында оқуға деген қызығушылықты арттыруда маңызды рөл атқарады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?