Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАрматура өндірісін жолға қойған жаңа отандық кәсіпорын импорт үлесін 47 пайызға азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің қолдауымен «Тараз арматура зауыты» ЖШС Жамбыл облысында еуропалық сапаға сай арматура өндірісін іске қосты. Зауыт толық қуатына шыққан бойда жылына 350 мың тонна өнім шығаруды көздеп отыр.
Кәсіпорында А-500 санатына сәйкес жоғары сапалы арматураны дайындауға қауқарлы тың технологияға негізделген автоматтандырылған илеу желісі іске қосылып, өндіріс көрсеткіштері жақсарып келеді. Осы арқылы импортты алмастырып, шетелге экспорт үлесін арттыру жоспарланған. Жаңа өндірістің ашылуы қосымша 90 адамды жұмыспен қамтып, отандық құрылыс материалдары нарығында жергілікті үлестің көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді.
Ведомство отандық металлургиялық кәсіпорындарды қара, түсті металдардың сынықтары және қалдықтарымен толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
Осы ретте кейінгі 3 жылда елімізде арматура өндірісінде оң динамика байқалып келе жатқанын айта кету керек. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 900 мың тоннадан артық өнім өндіріліп, оның ішінде экспортқа 220 мың тоннаға жуық арматура жіберілген.
Сонымен бірге, елімізге 700 мың тоннаға жуық өнім әкелініпті. Осыны ескере отырып, Тараз арматура зауытының өндірістік мүмкіндіктері алдағы уақытта импорт көлемін 47 пайызға азайтуға септігін тигізеді деген жоспар бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?