Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді2025 жылдың соңына дейін ел аумағында 40-қа жуық маңызды халықаралық спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарыстар олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санаттарды қамтиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, маусым айында Астанада интеллектісі бұзылған тұлғалар арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты (Virtus World Basketball Championship), маусым-шілде айларында ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Әлем кубогі (World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен), шілде айында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен қыздар/ұлдар арасындағы Азия чемпионаты, Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир (WTT Youth Contender Almaty) өтеді.
Мамыр айында Алматыда спорттық альпинизмнен Азия кубогы, қыркүйекте WTT Contender Almaty халықаралық турнирі, қазан айында Астанада мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирі ұйымдастырылады. Сонымен қатар елордада қазан-қараша айларында панкратионнан Әлем чемпионаты, қараша айында жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен Әлем кубогінің екі кезеңі және С.Н. Лиді еске түсіруге арналған садақ атудан Қазақстан Гран-приі жоспарланған. Желтоқсан айында Астана бадминтоннан халықаралық турнирді қабылдайды.
Бұдан бөлек, іс-шаралар күнтізбесіне джиу-джитсу, грэпплинг, кикбоксинг, NOMAD MMA және брейкинг бойынша да турнирлер енгізілген.
2025 жылы ұлттық спорт түрлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл санат бойынша 15-тен астам ірі іс-шара жоспарланған. Атап айтқанда, маусым айында Алматыда теңге ілуден әлем чемпионаты, тамыз айында Астанада ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Азия чемпионаты, Шымкентте дәстүрлі садақ атудан Dala Mergeni әлем чемпионаты өтеді. Тамыз айында Маңғыстау облысында жастар мен жасөспірімдер арасында жамбы атудан (тиісінше ІІ және І Азия чемпионаттары) жарыстар ұйымдастырылады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік