Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрінің айтуынша, 960 орындық 4 жатақхана жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді.
Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжінде, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде, Алматы құрылыс-монтаж колледжі мен Алматы сән және дизайн колледжінде ашылды.
Осы жылдың аяғына дейін Шымкент, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қалған 1512 орындық 9 жатақхананы ашу көзделуде. Бұл шаралардың барлығы техникалық және кәсіби білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға, колледж студенттерінің жатақханада тұру жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.
Айта кетейік, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар